Құрастыру цехында Президент коммуналдық техниканың жаңа үлгілерін көрді. Автомобильдердің ноу-хауы — өрт сөндіру мүмкіндігі. Техника тек ірі қалаларға ғана емес, өрт сөндіру бөлімдері жоқ шалғай елді мекендерге де арналған. Машиналардың құны — 11 млн теңгеге дейін.
Одан кейін Мемлекет басшысы облыста ҮИИДМБ аясында іске асырылып жатқан жобалармен танысты. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Президентке индустрияландыру бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев облыс кәсіпкерлерімен әңгімелесті.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бірегей. Мұндай бағдарлама еш жерде жоқ. Барлығы біздің бизнесті осынша қолдайтынымызға таңғалады. Кәсіпкерлер саны 20%-ға артты», — деп атап өтті Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы бизнеске арналған тағы бір мемлекеттік бағдарламаның артықшылықтары туралы айтты. «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы — бизнесмендер үшін клондайк. Құрылысқа шыны, есік, кірпіш қажет. Облыс «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын іске асыру үшін 6 млрд теңге алды. Біз оны жалға береміз. Сіздің міндетіңіз — жұмыссыз жастарды тарту, оларды мамандыққа оқыту», — деді Президент.
«Уральскагрореммаш» зауытында Нұрсұлтан Назарбаевқа кәсіпорынның мүмкіндігі ішкі нарықты ғана емес, сыртқы нарықты да қамтамасыз етуге жететінін айтты. Қазір кәсіпорынның жүктемесі небәрі 35%.
Мемлекет басшысы қойған барлық міндеттерді біз орындап жатырмыз. Өндірісті жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру жүріп жатыр. Бүкіл Қазақстан бойынша біздің өндірістің 600-ден астам машинасы жұмыс істейді. Зауыт арнайы техника өндірісі цехын және ыстық мырыштау цехын енгізді. «Бизнестің жол картасы 2020» және ҮИИДМБ бағдарламалары аясында заманауи жабдық сатып алып жатырмыз», — деді «Уральскагрореммаш» АҚ президенті Гимран Бисенов.
Ел Президенті жергілікті кәсіпорындар өнім сапасына ерекше назар аударуы тиіс екенін, сонда ғана оның әлемдік деңгейдегі тауарлармен бәсекеге түсе алатынын айтты.