Жаңалықтар

Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешевтің зауытқа сапары

29 маусымда басталған индустрияландыру аптасы қарсаңында Приуральеге Премьер-министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев келді.

Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешевтің зауытқа сапары

29 маусымда басталған индустрияландыру аптасы қарсаңында Приуральеге Премьер-министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет ИСЕКЕШЕВ келді. Ол бірқатар маңызды нысандарды аралап, облысымыздың индустриялық-инновациялық дамуымен танысты.

Белгілі болғандай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екі бесжылдық ішінде экономикамыздың келбетін өзгерту міндетін қойды. Биыл экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы оның орнықты әрі теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасының бірінші бесжылдығындағы төртінші жыл болды. «Барлығы негізгі міндетке — біздің өніміміз бен қызметтерімізге ұзақ мерзімді сұраныс болатын әлемдік нарықтарға ғана экспортты ілгерілетуге бағынуы тиіс», — бұл Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясындағы сөзі.

Отандық компаниялардың сыртқы нарықтарға шығуын ынталандыру «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі болды және ол біздің облыста да табысты іске асырылып келеді. Жұмыс сапары барысында вице-министр Әсет Исекешев өңір экономикасы үшін маңызды кәсіпорындардың, соның ішінде «Уральскагрореммаш» АҚ жұмысына танысып, бағасын берді.

Зауытта ол бірнеше цехтың жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті. Бұл кәсіпорын 1955 жылы жүк автомобильдері мен ауыл шаруашылығы техникасының қозғалтқыштарына маманданған «Орал жөндеу зауыты» ретінде құрылғанын атап өткен жөн. 2000 жылдан бастап мұнда өртке қарсы арнайы автотехника шығару жолға қойылды. Ал бір жылдан кейін ҮИИДМБ аясында технологиялық жабдық паркін жаңартып, көпфункционалды коммуналдық және арнайы автотехника өндірісін жолға қою мүмкін болды. Өндіріс әртүрлі шасси базасында жүзеге асырылады. Техниканың құны 8-ден 25 млн теңгеге дейін, бұл РФ-тағы ұқсас өнімнің құнынан төмен. АҚ базасында республикада алғаш рет қар тазалау, жол төсемі мен тротуарларды тазалау және суару ғана емес, өрт сөндіру функциясы да бар коммуналдық техника шығару жолға қойылды. Кәсіпорын «ДКБ-2020» бағдарламасы аясында 736,3 млн теңге көлемінде қолдау алды. «Уральскагрореммаш» АҚ өз болашағын өрт және коммуналдық техниканы өткізу аясын кеңейтумен және металл бұйымдарын мырыштаумен байланыстырады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp Facebook LinkedIn