Жаңалықтар

«Уральскагрореммаш» АҚ зауыты базасында техникалық жарақтандыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті

«Отандық өндірістегі өрт сөндіру автомобильдерінің техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру және жаңғырту» — 2012 жылғы 15 маусымда Оралда өткен семинар-кеңестің негізгі тақырыбы осылай аталды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы ТЖМ «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ техникалық қызметтерінің қызметкерлері, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің өкілдері, «Уральскагрореммаш» АҚ басшылығы мен жетекші конструкторлары қатысты. Орал жөндеу зауыты «Уральскагрореммаш» ҚР ТЖМ-мен «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» бөлімшелеріне өрт техникасын жеткізу мәселелері бойынша ынтымақтасады.

Зауыттың көпжылдық тарихында бүгінде өртке қарсы қызмет кеңінен пайдаланып жүрген көптеген өрт сөндіру машиналары шығарылды.

Семинар аясында облыстардың, Алматы және Астана қалаларының техникалық қызмет өкілдері өндірістік цехтарды аралап, техника мен басқа да шығарылатын өнімдердің жасалу және құрастырылу процесін көруге, сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, ұсыныстар енгізуге мүмкіндік алды.

«Уральскагрореммаш» АҚ зауыты базасында техникалық жарақтандыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті, 1-фото
Бөлісу: Telegram WhatsApp Facebook LinkedIn