АЦ 3,5-40-7 өрт сөндіру автоцистернасы ГАЗ-С41R13 шассиінде жасалған және елді мекендерде өртті сөндіру мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған.
Автомобиль жеке құрамды, су мен көбік түзгішті, өрт-техникалық жарақты және қажетті құтқару жабдықтарын оқиға орнына жеткізуге қызмет етеді.